Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қол қоюдан бас тартқан": кәсіпкер Ақтау қаласының әкімін сотқа берді

Опубликовано:

Сот балғасы
Сот балғасы. Көрнекі фото: pixabay.com

Кәсіпкер бизнеске жер телімдерін беру туралы қаулыға уақтылы қол қоймағаны үшін Ақтау қаласы әкімінің үстінен сотқа шағым түсірді. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімішілік сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, талап қоюшы сотқа жауапкер – Ақтау қаласы әкімінің жер учаскесін беру туралы қаулы шығарудан бас тарту әрекетін заңсыз деп тану туралы әкімшілік талаппен жүгінген.

Сотта анықталғаны, кәсіпкер кафе-кәуапхана жазғы алаңының жер учаскесін кеңейту мақсатында "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы Ақтау қаласының әкіміне 2023 жылғы 24 қаңтарда жер учаскесін беру туралы өтінішпен жүгінген.

Жер комиссиясы оң қорытынды беріп, жерге орналастыру жобасы әзірлеген.

Ақтау қалалық жер қатынастар бөлімі екі жер учаскесінің таңдау актісін және жер-кадастрлық жоспарын бекіткен. Барлық мүдделі органдардың және инженерлік-коммуналдық шаруашылық органдарының қорытындысы бойынша сұралған жер учаскелеріне келісім берілген.

Ақтау қалалық жер қатынастар бөлімі кафе-кәуапхананың жазғы алаңын кеңейту үшін өтеулі жер пайдалану құқығын беру туралы қаулы жобасын әзірлеп, қол қою үшін Ақтау қаласының әкіміне жолдаған.

Жер кодексінің талаптарына сәйкес қала әкімінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі жер-кадастрлық жоспар бекітілген кезден бастап бес жұмыс күні ішінде қабылданады.

"Ақтау қаласының әкімі аталған қаулы жобасына қол қоюдан бас тартқан.

Сотта жауапкер өкілі қаулы жобасына қол қоюдан бас тарту себептерін түсіндіре алмады", - делінген сот мәлімдемесінде.

Сот өкілдерінің мәлімдеуінше, ӘРПК-нің 129-бабының 2-бөлігінің 1) тармағының талаптарына сай дәлелдеу ауыртпалығын: дау айту жөніндегі талап қою бойынша — ауыртпалық түсіретін әкімшілік актіні қабылдаған жауапкер көтереді. Алайда жауапкер қандай негіздермен жер учаскесін бөлуден бас тартқанын дәлелдеген жоқ.

"Сот осының негізінде талапты қанағаттандырып, жауапкер жіберген заңбұзушылықтарды болдырмау мақсатында жеке ұйғарым шығарды", - делінген хабарламада.

Соттың шешімі заңды күшіне енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063668-qol-qoyudan-bas-tartqan-kasipker-aqtau-qalasynyn-akimin-sotqa-berdi/

pixel