Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депутаттар Қазақстанда бірнеше комитетті біріктіріп, жаңа мемлекеттік органдар құруды ұсынды

Опубликовано:

Мужчина в костюме
Мужчина в костюме. Иллюстративное фото: Westend61/Getty Images

Сенат отырысында депутат Андрей Лукин Қазақстан халқын қауіпті өнімдерден қорғау бойынша жұмыс жүргізілмей жатқанын айтып, кінәлілерге шара қолдануды ұсынды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

"2020 жылы мен үкіметке депутаттық сауал жолдадым, онда мен Қазақстанда халықты қауіпті және контрафактілік өнімдерден қорғау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілмейтінін атап өттім. Техникалық реттеу жүйесін жетілдіру және сертификаттау жүйесін цифрландыру қажет", - деді Лукин айтты.

Депутаттың айтуынша, бұл мәселені шешу үшін жеке мемлекеттік орган құрып, тиімді мемлекеттік бақылау жүйесін жасау қажет.

"Өнімнің қауіпсіздігі мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі жеке мемлекеттік органды Техникалық реттеу және метрология, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, сауда комитеттерін біріктіру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және ТЖ министрлігінің функциясының бір бөлігін беру арқылы құруға болады.

Жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерге өнімнің қаупін өз бетінше дәлелдеу мүмкіндігі болуы керек", - деді Лукин.

Сондай-ақ ол ықтимал заңбұзушылықтарды бақылау үшін техникалық реттеу жүйесін цифрландыруды ұсынды.

Өз кезегінде сенатор Геннадий Шиповских есірткі бизнесінен туындайтын тәуекелдерді еске салып, есірткі қылмысымен күресетін жеке мемлекеттік орган құруды ұсынды.

"Біз жастардың синтетикалық есірткіні пайдалануын тоқтата алмаймыз, бұл заттар халықтың денсаулығына, экономикаға, заңдылық пен қауіпсіздікке өте үлкен қауіп төндіреді.

Біз ел президентіне тікелей бағынатын есірткіге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын жеке мекеме құруды қарастыруды ұсынамыз. Басқа елдерде мұндай мемлекеттік органдар бар. Мысалы, көршілес Ресей мен Аргентинада", - деді ол.

"Тәркіленген синтетикалық есірткінің көлемі 100 келіден 1 тоннаға дейін өсті, 2021 жылы тәркілеудің жалпы көлемі 100 келі, ал 2023 жылы 1 тонна 100 келі болды.

Сонымен қатар, құқық қорғау органдары 2021 жылы 17 есірткі зертханасын анықтады. 2022 жылы олардың саны 68 болса, 2023 жылы - 81. Бұл қорқынышты статистика есірткі бизнесінің қаншалықты өскенін көрсетеді", - деп түйіндеді сөзін Геннадий Шиповских.

Бүгін сондай-ақ ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов жаңа ведомство – Геология және жер қойнауын қорғау министрлігін құру туралы ұсыныс айтылған депутаттық сауалға жауап берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063752-deputattar-qazaqstanda-birnese-komitetti-biriktirip-zana-memlekettik-organdar-qurudy-usyndy/

pixel