Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу: метрополитен жұмысында қандай өзгеріс болады

Опубликовано:

Алматы метросы
Көрнекі фото: NUR.KZ

Ертең, 1 наурыздан бастап Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді. Осыған орай Алматы метрополитенінің баспасөз қызметі жұмыс кестесіне қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Сағат белдеуінің ауысуы кезінде Алматы метрополитені штаттық режимде, кестесі өзгеріссіз қызмет көрсетеді.

29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні Алматы уақытымен сағат 00-10-ға дейін жұмыс істеп, ал 1 наурызда жаңа белдеу бойынша сағат 06-20-да метро қайта іске қосылады", - делінген метрополитеннің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Үкіметтің "Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы" қаулысына өзгерістер енгізілген болатын. Өзгерістерге сәйкес, 2024 жылғы 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні елдің бүкіл аумағында бірыңғай уақыт белдеуі енгізіледі.

Жаңа уақыт белдеуіне көшуге байланысты пайдалы ақпараттар топтамасын сайтта жарияланған материалдан оқи аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063758-biryngai-uaqyt-beledeuine-kosu-metropoliten-zumysynda-qandai-ozgeris-bolady/

pixel