jitsu gif

ҰҚК Шекара қызметі өткізу пунктерінің жұмыс режимі өзгеретінін хабарлады

Шекара
Шекара. Фото: gov.kz

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі кейбір автомобиль өткізу пунктерінің жұмыс регламентіне өзгерістер енгізді. Бұл туралы ҰҚК-ның Telegram-арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Өткізу пунктерінің жұмыс режимінің өзгеруі туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасынан өтетін адамдарға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында ҰҚК Шекара қызметі келесі автомобильдік өткізу пунктерінің жұмыс регламентіне өзгерістер енгізді:

Ресей Федерациясымен:

  • "Найза", Павлодар облысы
  • "Қоянбай", Абай облысы
  • "Байтанат", Абай облысы

Қытай Халық Республикасымен:

  • "Нұр Жолы", Алматы облысы
  • "Достық", Алматы облысы
  • "Қолжат", Алматы облысы
  • "Бақты", Шығыс Қазақстан облысы
  • "Майқапшағай", Шығыс Қазақстан облысы

Қырғыз Республикасымен:

  • "Кеген", Алматы облысы.

2024 жылғы 1 наурыздан бастап көрсетілген өткізу пункттері сағат 07.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді.

Өзгерістер Үкіметтің 23.11.2000 жылғы № 1749 қаулысына сәйкес 2024 жылғы 1 наурыз сағат 00.00-ден бастап елдің барлық аумағында бірыңғай уақыт белдеудің белгіленуіне байланысты енгізілген.

ҰҚК Шекара қызметі өткізу пунктерінің жұмыс режимі өзгеретінін хабарлады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.