Алматыда смартфон ұрлады деген күдікпен бір топ тұрғын ұсталды
Жарияланған күні:
Алматыда қаланың әр ауданында смартфон ұрлады деген күдікпен төрт ер адам ұсталды. Олардың ең кішісі 20 жаста, деп хабарлайды ІІМ-ге сілтеме жасаған NUR.KZ.
"iPhone және Samsung смартфондары қалта ұрыларының арасында ерекше танымал. Бұл жолы шабуыл жасағандар Әуезов, Жетісу және Медеу аудандарында әрекет еткен. Олардың ең жасы небәрі 20-да. Қазіргі уақытта күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", - деді Алматы қалалық ІІД криминалдық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапияев.
ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес ұрлық:
- түзеу жұмыстарымен немесе 3000 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға (11 млн теңге);
- 1 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға;
- не 7 жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге;
- не 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға әкеп соғады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063829-almatyda-smartfon-urlady-degen-kudikpen-bir-top-turgyn-ustaldy/