jitsu gif
Оқыс оқиға

    Алматыда смартфон ұрлады деген күдікпен бір топ тұрғын ұсталды

    Телефон ұрлаған күдіктілер
    Телефон ұрлаған күдіктілер. Фото: polisia.kz

    Алматыда қаланың әр ауданында смартфон ұрлады деген күдікпен төрт ер адам ұсталды. Олардың ең кішісі 20 жаста, деп хабарлайды ІІМ-ге сілтеме жасаған NUR.KZ.

    "iPhone және Samsung смартфондары қалта ұрыларының арасында ерекше танымал. Бұл жолы шабуыл жасағандар Әуезов, Жетісу және Медеу аудандарында әрекет еткен. Олардың ең жасы небәрі 20-да. Қазіргі уақытта күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", - деді Алматы қалалық ІІД криминалдық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапияев.

    ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес ұрлық:

    • түзеу жұмыстарымен немесе 3000 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға (11 млн теңге);
    • 1 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға;
    • не 7 жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге;
    • не 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға әкеп соғады. 

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.