Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда 2024 жылы жеті қонақүй салынады

Опубликовано:

Алматы
Алматы. Фото: pixabay.com

Алматы әкімдігінің өкілдері биыл қалада жаңадан 7 қонақүй салынатынын мәлімдеді. Бұл туралы ведомствоның Telegram арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітованың мәліметінше, Алматыда 208,4 млрд теңгеге 3287 нөмірлі 23 қонақүйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. 2024 жылы 7 қонақүйдің құрылысын аяқтау жоспарланған, қалған жобалар 2027 жылға дейін бітеді.

Оның айтуынша, бұл қаланың нөмірлік қорын ұлғайтуға, туристердің жайлылығын арттыруға мүмкіндік береді.

"Қазіргі уақытта мегаполисте әртүрлі санаттағы 345 қонақүй бар. Алматы қаласының нөмірлік қоры 11 454 бірлік, қонақүй нысандарының біржолғы сыйымдылығы 21,8 мың орыннан асады.

2023 жылдың қорытындысы бойынша Алматыда жеке инвестициялар есебінен 161 орынға арналған 4 қонақүй инфрақұрылымы нысаны ашылды", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063901-almatyda-2024-zyly-zeti-qonaqui-salynady/

pixel