Алматыдан 280 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Жарияланған күні:
"СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі 1 наурызда Алматы уақыты бойынша сағат 08:18:54-те жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы "СБЗҰҒО" ЖШС-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 280 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8,8. Магнитудасы - 3.8. Жер сілкінісінің координаттары с.е. 44,51°. 79,89° ш.б. Тереңдігі - 15 км. Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Қазақстан Республикасының аумағында сезілген жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063903-almatydan-280-saqyrym-zerde-zilzala-boldy/