Биотехнолог ғалым бірыңғай уақыт белдеуіне өтудің пайдасын айтты
Жарияланған күні:
Бірыңғай уақыт белдеуіне ауысудың қазақстандықтарға берер пайдасы қандай? Бұл сұраққа ғалым, биотехнолог Әмір Сансызбайұлы жауап берді, деп хабарлайды Qazaqstantv Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Жыл бойы қазақстандық ғалымдар мен түрлі сала сарапшылары Қазақстан аумағында бірыңғай уақыт белдеуін белгілеу мәселесін зерттеген еді. Осылайша олар UTC-6 белдеуінің адам денсаулығына зиян екенін анықтады.
Бұл туралы ғалым, биотехнолог Әмір Сансызбайұлы былай дейді:
"Адамның ағзасы ретінде қарастыратын болсақ, ол тек ұтыс. Өйткені біз табиғи күн сәулесінің ырғақтылығына синхронды түрде қайтып ораламыз. Оның пайдасы неде деп айтуға болады. Қазір өкінішке орай, көптеген елде онкология, инфаркт, инсульт көбейіп кетті ғой. Ауру жасарып кетті, балалар ауырып жатыр. Соның бәрі десинхроноздың кесірінен пайда болған нәрсе. Десинхроноздың көзін жою – өзіміздің табиғи уақытқа оралу.
Көбісі оны дұрыс түсінбей отыр. Өздеріңіз де естіп жүрген шығарсыздар, көбісі күннің атысы мен батысын салыстырады. Бірақ ол негізінде дұрыс емес нәрсе. Неге? Өйткені оразаның кезінде мысалы, ауызды бекіту мен ауызашар уақыты күн сайын өзгеріп отырады ғой. Бірқалыпты қалатыны – ол тек түскі уақыт. Күннің ең биіктік нүктесіне келген кезде. Орыстар «истинный полдень» дейді ғой. Түскі сағат 12-ге тең. Сонда біздің түскі уақытымыз 12-ге емес, 13.00-ге қарата ығысып отыр, 12:56, 12:58-ге. Демек, қазір бір сағат артқа шегерілген кезде 11:56, 11:58-ге келіп, максималды түрде 12:00-ге тақалып тұрады. Демек, адамдардың денсаулығы жақсарады".
Мамандардың айтуынша, бірыңғай уақыт белдеуін белгілеу өңірлер арасындағы уақытша кедергілерді де жояды. Сондай-ақ коммуникациялар мен бизнес-процестерді үйлестіруді жақсартады, экономиканың дамуына және мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылына ықпал етеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063920-biotexnolog-galym-biryngai-uaqyt-beldeuine-otudin-paidasyn-aitty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.