jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Шымкентте балабақша жетекшілері миллиондаған ақша жымқырғаны үшін сотталды

    Ақша санап отырған әйел
    Ақша санап отырған әйел. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қалалық прокуратура органдары 4 жеке балабақша иелерінің балабақшаға келмеген балалар үшін жалпы сомасы 29,6 млн теңге бюджет қаражатын заңсыз иемденгендігін анықтады. Бұл туралы қалалық прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қалалық прокуратура органдары 4 жеке балабақша иелерінің балабақшаға келмеген балалар үшін жалпы сомасы 29,6 млн теңге бюджет қаражатын заңсыз иемденгендігін анықтады.

    Бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде бюджетке келтірілген залал толық бюджетке қайтарылды. Сот үкімімен 1 тұлға 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы қолданылса, 1 тұлға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

    Мәселен, Г.М.Рысбекованың меңгеруіндегі "Али мен Айя" бөбекжай-бақшасы" ЖШС-і 2020 жылдың наурыз айынан бастап 2022 жылдың желтоқсан айына дейін балабақшаға келмеген 15 бала үшін, олар келді деп құжаттар тапсыру арқылы бюджеттен 8,7 млн теңгенің үстінде қаржыға ие болған.

    Бұл қылмыс үшін соттың 23.02.2024 жылғы үкімімен Г.М. Рысбекова ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағымен кінәлі деп танылып, оған өмір бойы мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымды атқаруға өмір бойы тыйым салынып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

    Мұндай қатаң үкімнің шығарылуы аталған тұлғаның бұрын да сотты болып, сот үкімінің орындалуы кейінге қалдырылуы негіз болды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.