Алматы тұрғыны ұлының сыныптасын ұрды деп айыпталды: мектеп қызметкерлері жазаланды
Жарияланған күні:
Алматылық тұрғын баласының сыныптасын ұрды деп айыпталып, осы үшін мектеп қызметкерлері жазаланды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
"Директордың орынбасарына, сынып жетекшісіне және күзетшіге қатысты тиісті тәртіптік шаралар қолданылды.
Бұл мәселе Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен облыстық Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің бақылауында. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады комитет өкілдері.
Еске сала кетейік, бұған дейін интернетте белгісіз ер адам баласының кегін алу үшін бөтен біреудің кішкентай баласын ұрып-соққаны туралы ақпарат тараған болатын. Оқиға туралы зардап шеккен баланың анасы әлеуметтік желіде хабарлады.
Әйел бұл оқиғадан кейін баласының қатты қорқып қалғанын және ол ер адамның заң шеңберінде барынша жазалануын талап ететінін айтты.
Полицейлер істің мән-жайларын әділ анықтау мақсатында тексеру шаралары кешені жүргізіліп жатқанын, оның қорытындысы бойынша шешім шығарылатынын хабарлады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063947-almaty-turgyny-ulynyn-synyptasyn-urdy-dep-aiyptaldy-mektep-qyzmetkerleri-zazalandy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.