Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстаннан ЕАЭО елдерінің валюталарын және алтын монеталарды шығаруға рұқсат етілді

Опубликовано:

Тиын
Фото: "Хабар 24" арнасы

Қазақстан президенті ЕАЭО-ға мүше елдерінің валюталарын, сондай-ақ алтын мен күмістен жасалған инвестициялық монеталарын елден әкетуге тыйым салуды алып тастайтын жарлыққа қол қойды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

2022 жылдың наурыз айында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елден шетел валютасын, сондай-ақ алтын құймалар мен алтын мен күмістен жасалған инвестициялық монеталарды әкетуге тыйым салатын жарлық шығарды. Бұл елдің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жасалды.

Осыған дейін бұл шектеулерді жұмсартуға тиіс жоба дайындалса, кейбір тыйымдардың күшін жойған жаңа қаулы шықты. Онымен ҚР нормативтік құқықтық актілерінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтынан таныса аласыздар.

Осылайша, енді алтынынан құйылған Altyn Barys және күмістен құйылған Kúmis Barys инвестициялық монеталарды елден тыс экспортқа шығаруға болады, ал 5, 10, 20, 50 және 100 грамдық тазартылған алтын құймаларына тыйым алынбады.

Сондай-ақ екінші деңгейлі банктерге (ЕДБ) Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше елдердің қолма-қол валютасын, яғни ресейлік және белорус рубльдерін, армян драмы мен қырғыз сомын экспорттауға рұқсат етілді.

ЕАЭО-ға кірмейтін шетел мемлекеттерінің доллар, еуро және басқа валюталарына келетін болсақ, оларға қатысты шектеулер сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2063958-qazaqstannan-eaeo-elderinin-altyn-monetalary-men-valyutalaryn-sygaruga-ruqsat-etildi/

pixel