Уақыт белдеуінің өзгеруі мектептегі сабақ кестесіне әсер етті ме: Оқу-ағарту министрлігінің жауабы
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚазақстанда уақыт белдеуінің ауысуы мектеп оқушыларының сабақ кестесіне әсер етпейді. Білім беру мекемелерінің жұмысы әдеттегідей жалғасуда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрліктің баспасөз қызметі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмыс уақыты, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы сабақтар жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кіретінін хабарлады.
"Облыстық білім басқармаларының ақпараты бойынша сабақтар бекітілген кестеге сәйкес басталады. Сабақтар өзгеріссіз әдеттегідей жалғасады", - делінген ведомство хабарламасында.
Сонымен қатар оқу үдерісін оңтайлы ұйымдастыру үшін облыстар мен Қазақстанның мегаполистерінің білім басқармаларына министрлік тарапынан мұғалімдер, ата-аналар және оқушылар арасында уақытты есепке алу тәртібін түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөнінде ұсыныстар берілген.
Еске салайық, ақпан айының ортасында үкімет брифингінде министр Ғани Бейсембаев облыс әкімдіктері қажет болған жағдайда мектепте сабақтың басталу уақытын дербес қайта қарауға құқылы екенін айтқан болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064004-uaqyt-beldeuinin-ozgerui-mekteptegi-sabaq-kestesine-aser-etti-me-oqu-agartu-ministrliginin-zauaby/