jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Уақыт белдеуінің өзгеруі мектептегі сабақ кестесіне әсер етті ме: Оқу-ағарту министрлігінің жауабы

Мектеп оқушылары
Мектеп оқушылары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанда уақыт белдеуінің ауысуы мектеп оқушыларының сабақ кестесіне әсер етпейді. Білім беру мекемелерінің жұмысы әдеттегідей жалғасуда, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктің баспасөз қызметі мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмыс уақыты, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы сабақтар жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кіретінін хабарлады.

"Облыстық білім басқармаларының ақпараты бойынша сабақтар бекітілген кестеге сәйкес басталады. Сабақтар өзгеріссіз әдеттегідей жалғасады", - делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар оқу үдерісін оңтайлы ұйымдастыру үшін облыстар мен Қазақстанның мегаполистерінің білім басқармаларына министрлік тарапынан мұғалімдер, ата-аналар және оқушылар арасында уақытты есепке алу тәртібін түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөнінде ұсыныстар берілген.

Еске салайық, ақпан айының ортасында үкімет брифингінде министр Ғани Бейсембаев облыс әкімдіктері қажет болған жағдайда мектепте сабақтың басталу уақытын дербес қайта қарауға құқылы екенін айтқан болатын.

Уақыт белдеуінің өзгеруі мектептегі сабақ кестесіне әсер етті ме: Оқу-ағарту министрлігінің жауабы

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.