QAZAQ AIR әуекомпаниясының басшысы Еркін Наурызбаев қызметінен кетті
Жарияланған күні:
29 ақпанда Еркін Наурызбаев "QAZAQ AIR" АҚ басқарма төрағасы қызметінен кетті. Бұл туралы әуекомпанияның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
De-Havilland Dash 8-Q400 әуе кемесінің командирі және нұсқаушысы Еркін Наурызбаев QAZAQ AIR әуекомпаниясын 2022 жылдың 9 қыркүйегінен бастап басқарды. Ол отандық әуекомпанияның тізгінін үстаған алғашқы қазақстандық авиация маманы. Оның авиациядағы тәжірибесі – 19 жыл.
"Басқарма төрағасы болып жұмыс істеген уақытында әуекомпания Skytrax беделді халықаралық авиациялық рейтингінің нәтижелері бойынша екі рет Орталық Азия мен ТМД-ның үздік өңірлік әуекомпанияларының үштігіне кірді. 2023 жылы әуекомпания de-Havilland Dash 8-Q400 бес әуе кемесінде 588 мыңнан астам жолаушыны тасымалдады. Бұл – әуекомпания тарихындағы рекордтық көрсеткіш
Сондай-ақ оның басқару кезеңінде халықаралық және тұрақты әуе маршруттарының саны артты, жаңа әлеуметтік маңызы бар өңірлік рейстер ашылды, сондай-ақ 2024 жылдың басынан бастап әуе билеттерін тарату желісі кеңейтілді", - делінген хабарламада.
Басқарма төрағасының міндеттерін уақытша атқару Нұрлан Жақыповқа жүктелді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064037-qazaq-air-auekompaniyasynyn-bassysy-erkin-nauryzbaev-qyzmetinen-ketti/