ҚМА: Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты іс бойынша тергеу аяқталды
Жарияланған күні:
Мәжіліс кулуарында Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Елдос Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобының ісіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Журналистер Елемесовтен Елдос Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобының ісі сотқа жіберілді ме деп сұрады.
"Ол бойынша іс аяқталды. Қазіргі уақытта іс материалдарымен танысу жүріп жатыр. Кейін іс сотқа жіберіледі", - деп жауап берді Жеңіс Елемесов.
Еске салайық, 2022 жылғы шілдеде Алматыдағы Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері қазақстандық танымал кәсіпкерлерді бопсалап, мүліктерін тегін беруге мәжбүрлейді деген топтың әрекетін жолын кескен болатын.
Кейінірек ҚМА келтірілген шығынның алдын ала сомасы 18 млрд теңгеден астам екенін хабарлады. Бабаев, Танашев, Әбіжанов және Алтыбасаровтың қамауға алынған, ал Қоспаев, Шалин және Имашевқа халықаралық іздеу жарияланған.
2023 жылғы қыркүйекте Ұлттық қауіпсіздік комитеті Елдос Қоспаев пен ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін Солтүстік Кипрден Қазақстанға экстрадицияланғанын хабарлады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064054-qma-qospaevtyn-uiymdasqan-qylmystyq-tobyna-qatysty-is-boiynsa-tergeu-ayaqtaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.