jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Антикор бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі ұсталғанын растады

Кісен салу
Кісен салу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі ұсталғанын растады. Бұл туралы Антикор Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Қазақстан Республикасының бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталғанын растайды", - делінген хабарламада.

Антикор қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласы полиция департаменті УҰИ-да қамауға алынғанын мәлімдеді.

Құзырлы орган мәліметінше, тергеу жалғасып жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жарияланбайды.

Антикор бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі ұсталғанын растады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.