jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Шымбұлақтың баурайында қар барысы видеоға түсіп қалды

Қар барысы
Қар барысы. Көрнекі фото: pixabay.com

Барысты видеоға "Шымбұлақ" тау-шаңғы курорты аймағында демалып жүрген куәгер түсіріп алған: жануар қараңғыда тауға қарай өрмелеп бара жатқан. Видео әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шымбұлақта демалып жатқан тұрғындар қараңғыда тауға өрмелеп бара жатқан барысты көріп қалған. Олар түсіріп алған видео Instagram желісіндегі krispnews.kz парақшасында жарияланды.

Қар барысы – мысық тұқымдастарының сирек кездесетін және аз зерттелген өкілдерінің бірі және Орталық Азия елдерінің танымал нышанына айналған.

Адамның көзіне көп түсе бермейтін барыс негізінен таулы жерлерде тұрады. Ол жойылып кету қаупі төнген жыртқыш ретінде халықаралық табиғатты қорғау одағының (IUCN) қызыл тізіміне, сондай-ақ жалпы ауданы 500 мың шаршы шақырым болатын Қазақстан, Бутан, Ресей, Қырғызстан, Непал, Өзбекстан, Моңғолия, Тәжікстан, Қытай, Үндістан, Пәкістан және Ауғанстан сияқты 12 елдің Ұлттық Қызыл кітаптарына енгізілген.

Айта кетейік, бұған дейін Жетісу Алатауының тауларында қар барысы пен арқар камераға түсіп қалғанын жазған едік. Аңшылар мен аңшылық шаруашылық субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы Instagram-дағы ресми парақшасында сирек кездесетін жануарлардың фотосы мен видеосын көрсетті.

Шымбұлақтың баурайында қар барысы видеоға түсіп қалды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.