Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елорда тұрғыны 4 айлық баланы құтқарған өрт сөндірушіні марапаттауды сұрады (видео)

Опубликовано:

Өрт сөндірушілер мен қала құрғыны
Өрт сөндірушілер мен қала құрғыны. Видеодан кадр: ТЖМ

2 наурызда елордада көпқабатты тұрғын үйде болған өрттен төрт айлық баланы 1-МӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы Лесхан Мақсат Әбдіқайымұлы құтқарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТЖМ-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Елордалық өрт сөндірушілер 2 наурызда Нәжімеденов 39 мекенжайы бойынша төртінші қабаттағы пәтерде болған өрттен 30 адамды, оның ішінде 15 баланы құтқарып, эвакуациялады. Қала тұрғындарының бірі 4 айлық сәбиді құтқарған өрт сөндірушіне алғыс білдірді.

"Мақсат атты жігітке ерекше алғысымды білдіргім келеді. Ол өрт болып жатқан үйден 4 айлық баланы аман алып шықты, Мақсат – рахмет саған. Мен Төтенше жағдайлар министрлігінің басшыларынан осы қызметкерді марапаттауды сұраймын", - деді қала тұрғыны.

ТЖМ мәліметінше, оқиға орнында қатты түтін болса да, өрт сөндірушілер дереу қызыл жалынды сөндіруге кіріскен.

Өртті сөндіруге елордалық ТЖД жеке құрамының 29 адамы және 8 техникасы жұмылдырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064162-elorda-turgyny-4-ailyq-balany-qutqargan-ort-sondirusini-marapattaudy-surady-video/

pixel