jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қостанайдағы балабақшада тәрбиешінің балаға қол көтергені видеоға түсіп қалған

Жаңақорған тәрбиешілері 4 ай бойы жалақысын ала алмай отыр
Көрнекі фото: piqsels.com

Әлеуметтік желіде тәрбиешінің баланы ұрып, жұлқыланы түсірілген видео тарап жатыр. Оқиға Қостанайдағы балабақшалардың бірінде болған, тәрбиеші жұмыстан босатылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео Telegram желісіндегі чаттардың бірінде жарияланған.

Сипаттамада оқиғаның балабақшада болғаны айтылған. Кадрларда тәрбиеші баланы ұрып, кейін оны сүйреп әкеп орындыққа отырғызғаны көрсетілген.

Бұл видеоға қатысты қалалық білім бөлімінің өкілдері пікір білдірді.

"Бұл оқиға шынымен болған. Бүгінгі таңда тәрбиеші жұмыстан босатылды. Әрі қарай іс заң аясында қаралады", - деді ведомстводағылар.

Бұл оқиғаға қатысты Қостанай полиция департаменті де түсінік берді.

"Факті тіркелді, тәрбиешіні әкімшілік жауапкершілікке тартуға материал жиналды, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Материалды әкімшілік құқықбұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған сот қарайды", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметінен.

Қостанайдағы балабақшада тәрбиешінің балаға қол көтергені видеоға түсіп қалған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.