jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Шымкентте автокөлік ағашқа соғылды: зардап шеккендер бар (видео)

    Жол белгісі
    Жол белгісі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Шымкентте көлік қатты жылдамдықпен ағашқа соғылып, жүргізуші мен жолаушылар зардап шекті. Бұл жайтқа қатысты қалалық полиция департаменті түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Желіде оқиға орнынан түсірілген видео жарияланды. Оқиға бір күн бұрын Шымкентте болған.

    Кадрлардан көлік ағашқа соғылғаннан кейін қатты қирағанын көруге болады. Видео сипаттамада екі жолаушы көлікте қысылып қалғаны, оларды аман алып шығу үшін құтқару қызметі көмектескен.

    Шымкент қалалық ПД NUR.KZ тілшісіне бұл жайтқа қатысты пікір білдірді.

    "Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, жол апаты салдарынан жүргізуші мен жолаушылар ауруханаға жеткізілді.

    Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - делінген ведомство хабарламасында.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.