Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Досаев Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты жедел штабта іс-шаралар жоспарын талқылап жатыр

Жарияланған күні:

Читать на русском
Ерболат Досаев
Ерболат Досаев жедел штаб іс-шарасында. Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Қала әкімі Ерболат Досаев Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты жедел штабта іс-шаралар жоспарын талқылап жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Алматы әкімі Ерболат Досаев сағат 11:40-тен бастап шұғыл штабта жиналыс өткізіп, қосымша іс-шаралар жоспарын талқылап жатыр.

Қалалық полиция департаменті штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Барлық мектеп пен балабақша, қоғамдық қабылдау пункттері жұмыс істейді.

Қаладағы жедел медициналық жәрдем қызметі мен барлық көпсалалы аурухана, соның ішінде мамандандырылған ауруханалар, балалар ауруханалары, перзентханалар күшейтілген режимде жұмыс істеуде", - деп хабарлады әкімдіктегілер.

Әкімдік өкілдері тұрғындарды жалған ақпаратқа сенбеуге және таратпауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064324-dosaev-almatydagy-zer-silkinisine-bailanysty-zedel-stabta-is-saralar-zosparyn-talqylap-zatyr/