Алматыдағы жер сілкінісінен кейін Досаев барлық қызметке сақадай сай дайын болуды тапсырды
Жарияланған күні:
Қала әкімі Ерболат Досаев Алматыда болған жер сілкінісінен кейін барлық қызметке кез келген жағдайға дайын болуға тапсырма берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Қала әкімі ТЖ жою жөніндегі жедел штабқа ғимараттар мен құрылыстардың, тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының, қауіпті өндірістік нысандардың, гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне, жер сілкінісі салдарынан қираудың болуына мониторинг жүргізуді, зардап шеккен халықты қабылдау пункттерінде халықты жинау мен орналастырудың есебін жүргізуді, республикалық жедел штабқа, ҚР Үкіметіне және Мемлекет басшысына есептік ақпаратты жинауды және дайындауды жүзеге асыруды тапсырды;
Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығына: сейсмикалық жағдайларға тұрақты мониторинг және болжам жасау, жедел штабқа жағдайды баяндап отыруды;
Өрт сөндіру қызметіне: жер сілкінісінен туындаған өрттерге дереу әрекет етіп, қаланы өрттен қорғауды қамтамасыз етуді тапсырды;
Медициналық қызмет барлық санитарлық шығынды қабылдау пункттерін орналастыруды, зардап шеккен тұрғындарға медициналық көмек көрсетуді және қаланы медициналық қорғауды қамтамасыз етуі керек.
Қоғамдық тәртіпті сақтау қызметі қоғамдық тәртіпті қорғауды, төтенше жағдайларға өрт сөндіру және апаттық-құтқару техникасының кедергісіз өтуін қамтамасыз ету, апатты аймақтарды жабу, жолдардағы қозғалысты реттеу, эвакуациялау шараларына көмектесу қажет.
Байланыс қызметіне бағынысты күштер мен құралдарды бақылау үшін байланыстарды ұйымдастыру, ұялы байланыс операторларын қосымша байланыс арналарымен қамтамасыз ету, қажет болған жағдайда қаланың байланыс желілерінде жөндеу жұмыстарын жүргізу тапсырылды.
Ақпараттық қызмет төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар бойынша ұсынымдармен халықты болған жағдай туралы кеңінен ақпараттандыруды қамтамасыз ету қажет.
Энергетика, жылумен, сумен және газбен жабдықтау қызметтері қажет болған жағдайда қайталама қауіпті жағдайларды болдырмау, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, өртті сөндіруге өртке қарсы қызметке көмек көрсету мақсатында қаладағы инженерлік желілерді өшіруі тиіс.
Гидрометеорологиялық қызметке жағдайды бақылау міндеті жүктелген.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда бес балдық жер сілкінісі болды.
ТЖД жер сілкінісі кезінде қалай әрекет ету керектігін айтты.
Сондай-ақ Досаев жер сілкінісі кезіндегі одан әрі іс-қимылдар талқыланатын жедел штаб жинады деп хабарланды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064353-almatydagy-zer-silkinisinen-keiin-barlyq-qyzmet-ke-saqadai-sai-daiyn-bolu-tapsyryldy/