Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы жер сілкінісі: жылу, электр, сумен қамтамасыз ету қызметтері қалай жұмыс істеп жатыр

Жарияланған күні:

Жылу электр станциясы
Жылу электр станциясы. Көрнекі фото: Vithun Khamsong/Getty Images

Алматы әкімдігі жер сілкінісінен кейін газ, электр, жылу және сумен қамтамасыз ету қызметтері қалай жұмыс істеп жатқанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдік ақпаратына сүйенсек, 4 наурыз сағат 13.00-дегі жағдай бойынша Алматыда жылу, су, электр желілерінің жұмысы қалыпты, штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

  • "Алматы электр станциялары" АҚ – ЖЭО-1.2 қалыпты режимде жұмыс істейді;
  • "Алматыжылукоммунэнерго" – 84 қазандықтары қалыпты режимде жұмыс істейді;
  • "Алматы жылу желілері" ЖШС-жылу желілері тұтынушыларды ыстық сумен қамтамасыз етуді шектеусіз, штаттық режимде жұмыс істейді;
  • "Алатау Жарық Компаниясы" – электр желілері тұтынушыларды электр қуатымен қамтамасыз етуде шектеусіз штаттық режимде жұмыс істейді;
  • "Алматы Су" – тұтынушыларды сумен қамту және кәріз желісімен қамтамасыз етуде шектеусіз штаттық режимде жұмыс істейді;
  • "КазТрансГаз-Аймақ" - тұтынушыларды газбен қамтамасыз етуге шектеусіз штаттық режимде жұмыс істейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064363-almatydagy-zer-silkinisi-zylu-elektr-sumen-qamtamasyz-etu-qyzmetteri-qalai-zumys-istep-zatyr/