Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рамазан – 2024: Ораза кестесі, пітір садақа мөлшері мен Қадір түні

Опубликовано:

тәспі тартып отырған ер адам
Тәспі тартып отырған ер адам. Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айына арналған ораза кестесін жариялады, деп хабарлайды ҚМДБ ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан т.б. елдердің Ғұламалар кеңесімен, пәтуа саласына жауапты ғалымдармен ақылдаса келе, биылғы Рамазан айының басталатын күні бекітілді", – делінген ҚМДБ хабарламасында.

ҚМДБ ақпараты бойынша, ортақ пәтуаға сәйкес, қасиетті Рамазан айы 11 наурызда басталады. Ал сәуірдің 5-нен 6-на қараған түнінде қасиетті Қадір түні болады. 10 сәуірде болса Ораза айт мерекесі өтеді.

Астанадағы ораза мен намаз кестесі

Астанадағы ораза мен намаз кестесі
Астанадағы ораза мен намаз кестесі. Инфографика: muftyat.kz

Алматыдағы ораза мен намаз кестесі

Алматыдағы ораза мен намаз кестесі
Алматыдағы ораза мен намаз кестесі. Инфографика: muftyat.kz

Шымкенттегі ораза мен намаз кестесі

Шымкенттегі ораза мен намаз кестесі
Шымкенттегі ораза мен намаз кестесі. Инфографика: muftyat.kz

Ораза мен намаз кестесін өз өңіріңіз бойынша толығырақ muftyat.kz сайтынан білуге болады. PDF нұсқасын жүктеп алуға мүмкіндік бар.

Сондай-ақ ҚМДБ мәліметіне сүйенсек, төралқа мәжілісінде пітір садақа мөлшері екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 640 теңге болып бекітілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064403-qazaqstannyn-iri-qalalaryndagy-oraza-kestesi-zariyalandy/

pixel