Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысындағы орман шаруашылығында ауданы 1 мың гектарға тең аумақ өртеніп жатыр

Опубликовано:

Құрманғазы орманшылығы
Құрманғазы орман шаруашылығы. Фотосурет: ТЖМ

Атырау облысындағы орман шаруашылығында 1 мың гектар аумақты қамтыған өрт сөндірілуде. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"2024 жылғы 2 наурыздан бастап Атырау облысы Құрманғазы ауданында  Каспий теңізінің жағалауында Құрманғазы ауылынан 40 км жерде, Құрманғазы орманшылығы КММ аумағында 1000 га алаңда қамыс жанып жатыр. Елді мекенге қауіп жоқ", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметі хабарлауынша, 4 наурыздан бастап әуеден барлау жүргізу үшін ТЖМ-ның "Қазавиақұтқару" АҚ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылған.

"Батпақты жерлерде 20 га аумақта қамыс өсімдіктері бықсып жанып жатыр. Жалпы өртенген аумақтың ауданы 1000 гектерды құрайды. Оның ішінде 200 гектарға тең аумақ ТЖД күштерімен сөндірілген, ал 780 га аумақ өздігінен сөнгені анықталды.

Өртті жоюға Атырау облысы ТЖД, Құрманғазы орманшылығынан барлығы 37 адам, 1 бірлік техника, 4 мотопомпа, 3 моторлы қайық жұмылдырылды.

Өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда. Айта кету керек, жердің сулы-батпақты болуы, жолдардың болмауы жануды сөндіруге қиындық тудыруда", - деп хабарлады баспасөз қызметінің өкілдері ресми сайтта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064450-atyrau-oblysyndagy-orman-saruasylygynda-audany-1-myn-gektarga-ten-aumaq-ortenip-zatyr/

pixel