jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанның бірнеше қаласында бопсалаушы қылмыстық топтар ұсталды

Күдіктілерді ұстау
Күдіктілерді ұстау. Видеодань кадр : polisia.kz

Жыл басынан бері ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері 130-дан астам осындай фактіні анықтап, жолын кесті. Оның ішінде қылмыстық топтармен жасалған фактілер де бар, деп хабарлайды Polisia.kz ақпараттық медиа-порталы.

ІІМ мәліметінше, 8 ақпанда ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген Қызылорда облысының алты тұрғыны Астана – Павлодар автожолында ұсталды. Олар екі танысын күштеп көлікке отырғызып, пәтерге алып келіп, ұрып-соғып, қару-жарақпен қорқытып, екі күн бойы ұстап, 300 мың теңге мен ұялы телефондарын тартып алған.

Сондай-ақ тағы 1 млн теңге талап еткен. Жәбірленушілердің бірі қашпақ болып, бесінші қабаттан секіріп кетіп, көптеген жарақат алды. Күдіктілер екінші жәбірленушіні көлікке отырғызып алып, ізін суытпақ болған кезде ұсталды. Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің бірнеше бабымен қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Сонымен қатар Оралда полиция қызметкерлері колледж студенттерінен құралған қылмыстық топты ұстады. Олар бопсалау, тонау және алаяқтықпен айналысқан. Бұл дерек бойынша сегіз қылмыстық іс тергелуде және күдіктілердің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау бойынша шаралар қабылданған.

Ақмола облысында жастардың екі тобы арасындағы қақтығысқа тосқауыл қойылған. Оқиға орнында травматикалық және суық қару, дубинкалар, сондай-ақ соққы жасауға арналған басқа да металл және ағаш заттар табылып, тәркіленді. Қазіргі таңда адамдар тобы болып жасаған бұзақылық фактісі бойынша іс қозғалды.

"Барлық факт бойынша күдіктілер ұсталды. Тергеу мүддесінде өзге ақпарат жарияланбайды. Құрметті азаматтар, егер сіздер қылмыстық топтар тарапынан қол сұғушылыққа тап болсаңыздар, дереу полицияға хабарласыңыздар. Біз сіздің ақпаратыңыздың құпиялылығына кепілдік береміз және сізді қорғап, қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етуге бар күш-жігерімізді саламыз", – деді департамент бастығы, ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Қазақстанның бірнеше қаласында бопсалаушы қылмыстық топтар ұсталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.