Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астаналықтар жылу ақысын артық төлеген: компанияға айыппұл салынды

Опубликовано:

Коммуналдық қызмет тарифтерін есептуге арналған калькулятор мен түбіртек
Түбіртек пен калькулятор. Көрнекі фото: pixabay.com

Бұған дейін елорда тұрғындары қаңтар-ақпан айындағы түбіртектерде көрсетілген жоғары жылу төлемдеріне шағымданған. Тексеруден кейін Астанада жылумен жабдықтау қызметіне жауапты "Астанаэнергосбыт" ЖШС-ға айыппұл салынды, хабарлайды KAZ.NUR.KZ Табиғи монополияларды реттеу комитетіне сілтеме жасап.

Елорда тұрғындарының келіп түскен өтініштері негізінде ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті "Астанаэнергосбыт" ЖШС-на қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Оның қорытындысы бойынша есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын сақтамау бөлігінде, Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар туралы заңнамасының талаптарын бұзу анықталып, бұл жылудың негізсіз есептелгені белгілі болды.

"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының заңын бұзғаны үшін, "Астанаэнергосбыт" ЖШС әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған табыстың (кірістің) он пайызы мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылып, әкімшілік жауаптылыққа тартылды, сондай-ақ өтініштерді қарау шеңберінде, тексеру нәтижесінде, негізсіз алынған табысты қайтару жағына 209 365 (екі жүз тоғыз мың үш жүз алпыс бес) мөлшерінде қайта есептеу туралы нұсқама енгізілді", - делінген хабарламада.

Ведомство есепке алу аспаптары мен жылыту ақысын есептеу көрсеткіштерінің дұрыстығы жөнінде сұрақтар туындаған кезде тұтынушылардан мән-жайларды анықтау үшін "Астанаэнергосбыт" ЖШС-не және құқықтар бұзылған жағдайда Петров көшесі, 5-үй мекенжайы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаментіне немесе Е-Otinish платформасы арқылы көмек сұрауға болатынын еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064507-astanalyqtar-zylu-aqysyn-artyq-tolegen-kompaniyaga-aiyppul-salyndy/

pixel