Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауруға байланысты оразаны бұзуға бола ма: дәрігер жауап берді

Опубликовано:

Құран Кәрім кітабы
Құран Кәрім және тәспі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ауырған немесе иммунитет әлсіреген жағдайда ораза ұстау не ұстамау туралы шешім адам денсаулығының ерекшеліктеріне байланысты қабылдануы керек. Бұл жөнінде Алматы қаласы №4 қалалық емханасының дәрігері Ұлбосын Әміркенова айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Егер денсаулығыңыздың нашарлауына қатысты шағымдарыңыз болса, ашығу режиміне өзгертулер енгізбес бұрын дәрігеріңізбен кеңесу керек. Дәрігер сіздің қазіргі жағдайыңызды бағалай алады, ықтимал қауіп болса, ескертеді және нақты ұсыныстар береді", - деп түсіндірді Ұлбосын Әміркенов.

Дәрігердің айтуынша, кейбір адамдар мезгіл-мелгіз ашыққан кезде өзін жақсы сезінуі мүмкін, бірақ ауырған не иммунитет әлсіреген кезде ағза инфекциямен күресу және қалпына келтіру үшін қосымша қоректік заттар мен энергияны қажет етуі мүмкін.

Дегенмен, ол кез келген жіті жедел жұқпалы аурулар кезінде, әсіресе, ішек инфекциялары кезінде, сусыздану қаупі жоғары болған кезде ораза ұстауға болмайтынын атап өтті.

"Сонымен қатар кейбір созылмалы аурулары бар адамдар ораза ұстамауы керек: өтінде тасы бар, асқазан жарасы, он екі елі ішек жарасы, қант диабеті, бауырдың созылмалы зақымдануы бар адамдар. Иммунитет төмендеуі қаупі төнсе немесе аурудың алғашқы белгілері пайда болса, оразаны кейінге қалдыруға болады", - деді маман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064512-auruga-bailanysty-orazany-buzuga-bola-ma-dariger-zauap-berdi/

pixel