Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Массаж қызметін ұйымдастырған": Астанада африкалықтар ұсталды

Опубликовано:

Полицей
Полицей. Көрнекі фото: NUR.KZ

Астана полициясы рейд жүргізіп, оның барысында көші-қон заңнамасын бұзған шетелдіктерді анықтады. Тәртіп сақшылары интимдік қызмет көрсету фактілері анықталды, деп хабарлайды елордалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Елордалық полиция департаменті Instagram желісінде хабарлауынша, Астананың тәртіп сақшылары қала бойынша рейд жүргізді. Оларға көші-қон қызметінің қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторлары, арнайы жасақ сарбаздары, экстремизмге және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері тартылды.

Бір жұмыс күні ішінде қалада көші-қон заңнамасын бұзған 119 шетел азаматы анықталды. Оның 33-і жеке басын анықтау үшін қабылдау-тарату бөліміне орналастырылды.

Сонымен қатар интимдік қызмет көрсетудің 5 фактісі анықталды. Мысалы, Африкадан келген 2 әйел пәтерді жалға алып, массаж қызметін ұйымдастырған. Осы факт негізінде оларды елден шығарып, 5 жылға елге кіруіне шектеу қою мәселесі шешілуде.

Қоқыс өңдейтін зауыт аумағында полицейлер жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз заңсыз жұмыс істеп жүрген Өзбекстанның 37 азаматын анықтады.

Ішкі істер министрлігі көші-қон қызметі комитетінің ресми сайтында шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның болу мерзімін бұзуы және Қазақстаннан белгіленген мерзімде кетпеуіне әкеп соғатыны айтылған.

  • үш күн ішінде – ескерту;
  • үш күннен бес күн өткенге дейін – 10 АЕК (37 мың теңгеге жуық) көлемінде айыппұл;
  • бес күннен 10 күн өткенге дейін – 15 АЕК (55 мың теңге) мөлшерінде айыппұл салынады.

Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы, заңнамада белгіленген мерзім өткеннен кейін 10 тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтару түрінде көрініс табуы 25 АЕК (92 мың теңге) айыппұл салуға не елден әкімшілік шығарып жіберуге әкеп соғады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064619-massaz-qyzmetin-uiymdastyrgan-astanada-afrikalyqtar-ustaldy/

pixel