jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда газ бағасы қаншаға көтеріледі: Энергетика министрі жауап берді

көлігіне жанармай құйып жатқан ер адам
Көлігіне жанармай құйып жатқан ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Энергетика министрлігінің алқа мәжілісінде өткен брифингте министр Алмасадам Сәтқалиевке Қазақстанда сұйытылған мұнай газының бағасы қашан және қаншаға қымбаттайтыны туралы сұрақ қойылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Жүйелі жұмыс туралы айтып отырмыз, біз жыл сайын сұйытылған мұнай газының бағасын көтеретін боламыз.

Биыл облысқа қарай 5-8 теңгеге аз ғана өсім жасамақпыз. Бұл биылғы жылдың көктемінде болады деп жоспарлап отырмыз", - деді Сәтқалиев.

Айта кетейік, бүгін өткен алқа мәжілісінде Энергетика министрлігінің басшысы Қазақстан сұйытылған мұнай газына ең төменгі бағалардың бірін - өңірлерге байланысты 54-86 теңге аралығында ұстап отырғанын айтты. Оның айтуынша, Ресей, Қырғызстан, Әзірбайжан және Тәжікстанда баға әлдеқайда жоғары.

Еске салайық, 2023 жылдың желтоқсан айының соңында Энергетика министрлігі сұйытылған мұнай газының шекті бөлшек сауда бағасын бекіткен болатын. Белгіленген бағалар 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді.

Қазақстанда газ бағасы қаншаға көтеріледі: Энергетика министрі жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.