Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан гүлді қай елдерден тасымалдайды

Опубликовано:

Қызғалдақ гүлдер
Қызғалдақ гүлдер. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Елімізде 8 наурыз мерекесі қарсаңында жақындарын гүл беріп қуантатын азаматтар жетерлік. Нәзіктіктің символына айналған гүлдер Қазақстанға қайдан әкелінеді? Бұл сауалдың жауабын Ұлттық статистика бюросының мамандары анықтады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ұлттық статистика бюросынның Telegram-дағы арнасында хабарлауынша, былтыр қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстан жалпы сомасы 61 млн долларға 8 278 тонна кесілген гүл мен гүл түйнегін импорттады. Ал 2022 жылы гүл импорты 46 млн долларды құраған (6 832 тонна).

Былтыр гүлдер әлемнің 52 елінен, негізінен Еуропа, Оңтүстік Америка және Африка елдерінен әкелінген.

2023 жылы ең ірі гүл жеткізушілері:

  • Эквадор – 4 913 тонна;
  • Нидерланд – 1 633 тонна;
  • Кения – 635 тонна;
  • Колумбия – 488 тонна.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанның қай қалаларында гүл қымбаттағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064669-qazaqstan-guldi-qai-elderden-tasymaldaidy/

pixel