Атырауда автобус жүргізушісіне шабуыл жасалды (видео)
Жарияланған күні:
Атырауда ер адам автобус жүргізушісіне жұдырықпен шабуыл жасады. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде тарап кетті. Жағдайға қатысты полицейлер түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Видео Instagram желісіндегі atyrauoil.official парақшасында пайда болды.
Автордың айтуынша, жолаушы қоғамдық көлікке мінген соң жол ақысын төлемеген. Жүргізуші жол ақысын талап еткенде ер адам шабуылдаған.
Дегенмен, жүргізушіге шабуыл жасалған кезде автобус бір орнында тұрған.
Сондай-ақ шабуыл салдарынан автобус жүргізушісінің жақ сүйегі мен көзінен жарақат алғаны хабарланды.
Автор күдіктінің оқиға орнынан қашып кеткенін жазды.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі KAZ.NUR.KZ тілшісіне күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Ведомство өкілдері факт бойынша егжей-тегжейлі мәліметтер кейінірек жарияланады деп уәде берді.
Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064681-atyrauda-avtobus-zurgizusisine-sabuyl-zasaldy-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.