Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полицейлер Атырау облысында мұз ойылып, суға түсіп кеткен әйелді құтқарды (видео)

Опубликовано:

Мұз
Мұз. Көрнекі фото: freepik.com

5 наурызда Құрманғазы ауданы Шарон өзенінде мұз ойылып, әйел суға түсіп кеткен. Айқалап көмек сұраған түрғынды полицейлер құтқарып қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ Telegram-дағы ресми арнасында.

Ведомство мәліметінше, 5 наурызда Құрманғазы ауданы Шарон өзені үстінде әйел мұз ойылып суға түсіп, айқалап көмек сұрайды.

Сол уақытта жолдан өтіп бара жатқан тәртіп сақшылары даусын естіген бойда, жедел әрекет жасаған.

Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция қызмет инспекторлары Шынтас Алисұлтан және Батыржан Бақытұлы 32 жастағы әйелді дер кезінде жағаға шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

Тәртіп сақшылар ауа райының жылынуына байланысты мұздың беті жұқарғанын, мұзға шығу адам өміріне аса қауіпті екенін ескертеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064703-policeiler-atyrau-oblysynda-muz-oiylyp-suga-tusip-ketken-aieldi-qutqardy-video/

pixel