Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Facebook пен Instagram желілері іске қосылды: компания өкілдері қолданушылардан кешірім сұрады

Опубликовано:

Телефондағы әлеуметтік мессенджерлер
Телефондағы әлеуметтік мессенджерлер. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін, 5 наурызда Facebook пен Instagram әлеуметтік желілерінің жұмысында ақау пайда болды. Meta компаниясының өкілдері қолданушылардан кешірім сұрады, ал Telegram және X әлеуметтік желісінің басшылары бұл туралы өз арналарында қалжыңдап, жазба қалдырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

X әлеуметтік желісінің иесі Илон Маск Facebook пен Instagram-дағы жұмыс істемей қалғанда жазба жариялады. Ол өзінің әлеуметтік желісі ғана қалғанын айтып, қалжыңдады.

"Біздің қызметтеріміз жұмыс істеп тұрғандықтан, сіз осы жазбаны оқып отырсыз", - деп жазды ол.

Telegram басшысы Павел Дуров та бұған қатысты үнсіз қалмады. Ол ресми арнасында басқа желілерде ақау болған кезде оның әлеуметтік желісіне миллиондаған қолданушы тіркелгенін хабарлады.

"Telegram басқа қызметтерге қарағанда сенімдірек.

Telegram 2023 жылы 525 600 минуттың 9 минуты ғана қолжетімсіз болды. Бұл 99,9983 пайыз желі жұмыс істеді деген сөз", - дейді кәсіпкер.

Бұл ретте екі әлеуметтік желіге де иелік ететін Meta компаниясының өкілі Энди Стоун X әлеуметтік желісіндегі парақшасында компания атынан қолданушылардан кешірім сұрады.

"Бүгін болған техникалық ақаудан кей қызметіміз уақытша тоқтады. Біз мәселені мүмкіндігінше тезірек шештік және қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деді ол.

Мәселенің шешілгенін Марк Цукерберг те X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Жақсы жаңалық! Біз Facebook пен Instagram-ды ретке келтірдік. Ешкімнің көмегінсіз бәрін өзім жасадым. Енді Үндістанға қайта ұшамын. Батыр болу оңай емес", - деп әзілдеді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064704-facebook-pen-instagram-zelileri-iske-qosyldy-kompaniya-okilderi-qoldanusylardan-kesirim-surady/

pixel