Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы "Көк төбе" телемұнарасы қатты жер сілкінісіне төтеп бере ала ма

Опубликовано:

Көк төбе
Көк төбе телемұнарасы. Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Жапон ғалымы Алматыдағы "Көк төбе" телемұнарасының сейсмикалық төзімділігіне күмән келтірді. Ол қатты жер сілкінісі бола қалса, қаладағы көптеген ғимарат төтеп бере алмауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды "24.KZ" телеарнасы.

4 наурызда болған күшті жер сілкінісінен кейін мамандар Алматыдағы 16 мың нысанды – тұрғын үйлерді, әлеуметтік және әкімшілік ғимараттарды сейсмикалық төзімділікке тексерді. Тексеру әлі жүріп жатыр.

"Бірінші кезең 2017-2018 жылдары болды, онда 10 525 нысан тексерілді. Сол ғимараттардың 30 пайызға жуығы талапқа сай емес және жер сілкінісіне төзімді емес. Бұл тізімге тек тұрғын үйлер кірмейді. Адамдар мынаны шатастырады: мысалы, қалада 20 мыңға жуық ғимарат болса, соның 30 пайызы тек тұрғын үй деп олайды. Бұл олай емес. Бұған әлеуметтік нысандар, мектептер, ауруханалар, балабақшалар, емханалар, әкімшілік ғимараттар, әкімдіктер мен тұрғын үйлер кіреді", - дейді "ҚазҚСҒЗИ" акционерлік қоғамының өндіріс жөніндегі басқарушы директоры Ералы Шоқбаров.

"Қазақстан" қонақ үйі сейсмикалық төзімділікке сонау 1970 жылдары сынақтан өткен – эксперимент ғимараттың тіпті 8 баллдық жер сілкінісіне де төтеп беретінін көрсетті, өйткені ол антисейсмикалық талаптарды ескере отырып салынған. Бұл ретте Алматының тағы бір символы – Көк төбе телемұнарасына қатысты сұрақтар туындайды.

"Қазақстанда докторлық диссертациясын қорғаған жапон ғалымы, Осака университетінің профессоры Алматыда жер сілкінісі болатынын, біздің көптеген ғимарат сейсмикалық дүмпулердің әсеріне дайын емес екенін айтты.

Ол әсіресе ондаған жылдар бұрын салынған Алматыдағы телемұнараға күмән келтірді, өйткені құрылымдары ескірген. Яғни, жапондар бізге қарағанда Алматы мен Қазақстанның оңтүстігіне көбірек алаңдайды. Өйткені бізде Жапониядағыдай күшті жарықтар бар", - деді Қазақстан геотехникалық қауымдастығының президенті Асқар Жүсіпбеков.

Мамандардың айтуынша, қаладағы өзекті мәселе сәулетшілердің мәртебесін көтеруге келіп тіреледі. Өйткені ғимарат пайдалануға берілгеннен кейін олар ғимараттың жұмысын бақылай алмай қалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064750-zapon-galymy-almatydagy-kok-tobe-telemunarasynyn-seismikalyq-tozimdiligine-kuman-keltirdi/

pixel