Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбелік зейнеткер ұлын сотқа беріп, алимент төлеуді талап етті

Опубликовано:

Зейнеткер
Зейнеткер. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ақтөбеде 68 жастағы зейнеткер ересек ұлынан алимент өндіру туралы арызбен сотқа жүгінген. Соттың ұйғарымымен келісім бекітілді. Бұл туралы Ақтөбе облысының сотына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Соттың Facebook желісіндегі ресми парақшасындағы мәлімет бойынша, ҚР Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексінің 145-бабының 1,2-тармақтарына сәйкес, еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз ата-анасын күтіп-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті.

"Талап қоюшы зейнеткерлік жасында болуына, денсаулығының нашарлауына байланысты күрделі ота жасатуға мүмкіндігі болмағандықтан, баласынан алимент өндіруді сұрады", - делінген сот хабарламасында.

Сотта өткізілген татуластыру рәсімінің нәтижесінде тараптар дауды бітіммен аяқтау туралы шешім қабылдаған.

"Тараптар қол қойған бітімгершілік келісімге сәйкес, жауапкер өзінің көмекке мұқтаж, еңбекке жарамсыз анасына ай сайын 41 АЕК, яғни 151 372 теңге мөлшерінде алимент төлеуге міндеттелген.

Соттың ұйғарымымен келісім бекітілді", - делінген хабарламада.

Азаматтық іс тоқтатылған.

Айта кетейік, Ақмола облысының тұрғынынан алимент түріндегі қарыз ретінде 65 миллион теңге өндірілгенін жазған едік. Мұндай факт Қазақстанда алғаш рет тіркелді. Бұл ақпаратты облыстық әділет департаменті хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064780-aqtobelik-zeinetker-ulyn-sotqa-berip-aliment-toleudi-talap-etti/

pixel