Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда Ұлттық ғылым академиясы жалғыз жоғары ғылыми ұйым болады

Опубликовано:

Ұлттық ғылым академиясы
Ұлттық ғылым академиясының ғимараты. Фото: almatydc.kz

Мәжіліс "Ғылым және технологиялық саясат туралы" заң жобасы мен оған ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл туралы заң шығарушы органның Telegram арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Мәжілістің баспасөз қызметінің мәліметінше, жоба "Ғылым туралы" және "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы" қолданыстағы заңдардың негізінде жасалған.

"Заң жобасы Ұлттық ғылым академиясын жоғары ғылыми ұйым етіп қайта форматтауды ұсынады. Осылайша ол еліміздегі осындай мәртебеге ие жалғыз ұйым болады.

Академияның функцияларына әлеуметтік-экономикалық дамудың басымдықтарына сәйкес ғылыми және ғылыми-техникалық қызметтің басым бағыттарын айқындау бойынша ұсынымдар әзірлеу және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру үшін Жоғары ғылыми-техникалық комиссияға ұсынылған ғылыми-техникалық тапсырмаларды сараптау кіреді", - делінген ақпаратта.

Заң қабылданған жағдайда Академияның ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметін қаржыландыру үкімет айқындаған тәртіппен, сондай-ақ өзге де көздерден іске асырылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064787-ulttyq-gylym-akademiyasy-zalgyz-zogary-gylymi-uiym-bolady/

pixel