Қазақстанның қай министрліктерінде жемқорлар көбірек анықталған: Антикор есебі
Жарияланған күні:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифингте қай министрліктің қызметкерлері жемқорлықпен көбірек ұсталғаны айтылды. Ішкі істер министрлігі рейтингтің басында тұр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"2023 жылы министрліктер арасында сыбайлас жемқорлыққа күдіктілердің көбі Ішкі істер министрлігінде анықталды – 193 адам, ал Төтенше жағдайлар министрлігінде – 31 адам, Қаржы министрлігінде – 25 адам және Қорғаныс министрлігінде – 17 адам әшкереленді", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов.
Ресми өкіл агенттік сыбайлас жемқорлық істері бойынша көрсеткіш үшін жұмыс істемейтінін айтты.
"Біз көрсеткіштер қумаймыз. 2022 жылы Антикор "таяқ жүйесінен" бас тартты және біз бұл статистиканы ішкі талдау үшін ғана жүргіземіз. Антикордың басты мақсаты – жүйелі жұмыс.
Мәселен, білім беру жүйесіндегі қаржыландыру. Талдықорғанда есепші, білім бөлімінің басшысы, ревизор, аудиторлардан құралған қылмыстық топ 4,5 миллиард теңге жымқырған. Бұл іс бізге басқа өңірлерде тергеу жүргізуге түрткі болды – мұндай ұрлықтар жүйелі сипатта екені анықталды. Біз кінәлілерді жауапқа тарттық.
Енді ұрлық жасалатын бизнес-процестерді цифрландыру туралы сұрақ туындайды. Сондықтан статистика қуу біздің басты мақсатымыз емес. Бірінші басымдық – сыбайлас жемқорлықпен жүйелі күресу", - деді Тілеукенов.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064858-qazaqstannyn-qai-ministrlikterinde-zemqorlar-kobirek-anyqtalgan-antikor-esebi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.