Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"940 мыңы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар": Қазақстанда қай салада әйелдер көп қызмет етеді

Опубликовано:

Дәптерге жазып отырған қыз
Дәптерге жазба жазып отырған әйелдің қолы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Елімізде түрлі салаларда барлығы 4 370 715 әйел жұмыс істейді, бұл - жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 48,3 пайызы деген сөз. Қазақстандық әйелдер қай салада көбірек екені туралы мәліметті Ұлттық статистика бюросы жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, 3,4 млн әйел жалдамалы жұмыста, 940 мың әйел – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.

Салалар бойынша алып қарасақ, әйелдердің басым бөлігі білім беру саласында жұмыс істейді.

Жұмыспен қамтылған барлық әйел – 20 пайыз, көтерме және бөлшек саудада – 19,6 пайыз, ауыл шаруашылығында – 9,7 пайыз болады.

Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында 9,6 пайыз, өнеркәсіпте жұмыс істейтін әйелдердің 7,8 пайызы еңбектенеді.

Әйелдер ең аз жұмыс істейтін сала ақпарат және байланыс екен, жұмыспен қамтылған қыз-келіншектердің 1,6 пайызы ғана осы салада жұмыс істейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064864-qazaqstanda-qai-salalarda-aielder-kop-ekeni-anyqtaldy/

pixel