Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда көпбалалы аналарға тіс емдету үшін бөлек төлем енгізу ұсынылды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Баласын құшақтап тұрған ана
Баласын құшақтап тұрған ана. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мәжіліс отырысында депутат Ерлан Саиров премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға депутаттық сауал жолдап, мемлекет бала туғаннан кейін әйелдерге тым аз жәрдемақы беретінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Депутат Қазақстанда бала туғанда берілетін жәрдемақы тым аз дейді. Оның ойынша, алғашқы, екінші және үшінші балаға берілетін 140 мың теңге әйелге берілетіне өтемақы емес, тек нәресте күтіміне жұмсалатын қаражат.

Депутат Ресейде ана капиталы ретінде алғашқы балаға 3 млн 195 мың теңге, екінші балаға 4 млн теңгеге тең сома берілетінін мысалға келтірді.

Оның сөзінше, біздің елге де лайықты, әділетті ана капиталын жасақтайтын уақыт жетті.

Мәжілісмен қазақстандық аналарының тістері түсуіне де алаңдап, көпбалалы әйелдерге олардың емделуіне бөлек төлем қарастыруды ұсынды.

"Ана жүкті болған кезде баланың дамуына көп кальций жұмсап, тісі құритыны - медициналық факт. Тістің түсуі - көпбалалы 543 мың әйелдің бәріне де маңызды мәселе.

Қазақстандағы стоматологияның бағасы шарықтап тұрғанын бәріміз білеміз, сондықтан бірінші кезекте көп балалы аналардың тісін жөндету үшін бірреттік төлемді қамтамасыз ету қажет", - дейді депутат Саиров.

Айта кетейік, 2024 жылғы қаңтарда көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен 571,6 мың отбасы қамтылды, оларға жалпы сомасы 38,1 млрд теңге төленді. 2024 жылдан бастап көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақының мөлшері айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) ұлғаюына байланысты 7 пайыз өсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064884-qazaqstanda-kopbalaly-analarga-tis-emdetu-usin-bolek-tolem-engizu-usynyldy/