jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Данияр Өтемұратов 5 жылға бас бостандығынан айырылды

    Кісен
    Кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Астана соты Данияр Өтемұратовқа шыққан үкімді өзгертті. Ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Сот алқасы үстіміздегі жылдың 2 ақпанында данияр Өтемұратовқа шыққан үкімді өзгерту туралы шешім қабылдады. Тиісті құжат Жоғарғы Соттың сайтында сот кеңсесінде жарияланды.

    "Данияр Өтемұратовты (Ерболатұлын) қылмыстық кодекстің 63-бабы, 1-бөлігі бойынша шартты түрде соттау күшін жойып, Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 190-бабы, 4-бөлігі, 2-тармағында көзделген тәртіппен жаза тағайындалсын. Ол 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемелерінде өтеу керек.

    Қылмыстық кодекстің 62-бабы, 3-бөлігі, 2-тармағының талаптарына сәйкес Өтемұратовтың 2023 жылғы 13 қарашадан - 2024 жылғы 2 ақпанға дейін қамауда болған уақыты жазаны өтеу мерзіміне есептелсін. Қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде бас бостандығынан айыру жазасын өтеу кезінде бір жарым тәулікке қамауда ұстаудың мөлшерлемесі бір тәулікке тең", - делінген құжатта.

    Сонымен қатар Өтемұратовқа шыққан сот үкімінің қалған бөлігі өзгеріссіз қалдырылды.

    Прокурордың апелляциялық шағымы қанағаттандырылды.

    "Қаулы жарияланған сәттен бастап күшіне енеді", - делінген хабарламада.

    Данияр Өтемұратов 5 жылға бас бостандығынан айырылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.