Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"1 млрд 72 млн теңге бөлінген": Жетісу облысында ашылу салтанаты өткен спорт кешені әлі пайдалануға берілмеген

Опубликовано:

Жетісу облысындағы спорт кешені
Жетісу облысындағы спорт кешені. Фото: Алматы арнасы

Жетісу облысына қарасты Достық ауылында салынған нысанға 1 млрд 72 млн теңге бөлінген. Ақпан айында ашылу салтанаты өткен спорт кешені әлі күнге пайдалануға берілмеген, деп хабарлайды Алматы арнасы.

Арна мәліметіне сүйенсек, салтанатты түрде ашылған спорт кешеніне жергілікті тұрғындар әлі күнге дейін баласын бере алмай келеді. Себебі, қолданысқа берілді деген нысанның құрылысы әлі толығымен бітпеген.

"Құрылысы бітті деп ашып берді. Бірақ қолданысқа берілмеді. Достықта қыс ерекше, балалар далада ойнай алмайды. Спорт кешенінің құрылысы басталған кезде қуандық", – деді Достық ауылының тұрғыны Данияр.

Ауыл тұрғыны ауыл әкімдігіне талай рет барған. Бірақ мардымды жауап алмаған. Үйірме болады деп үміттенген жұрт құрылыс жұмыстары бітпеген кешеннің ашылу салтанаты неге өткенін түсінбейді.

"Сапасы нашарлау. Бала асырап отырғаннан кейін, осында келіп, чемпион болсын деп едік. Ашылу салтанатында болдық", – деді Достық ауылының тұрғыны Дархан Хамшанов.

Арна мәліметіне сүйенсек, аталған мекеменің құрылысы 2020 жылдың қазанында басталған. Мердігер компания "Жұмысымызды дер кезінде аяқтағанбыз. Тек ұсақ-түйек істер қалды" деп жауап берген. Ал облыстық спорт басқармасы нысанды әлі қабылдамаған. Ал неге ашылу салтанаты ерте өткенін түсіндіріп бере алмаған.

"Ашылу салтанаты болды. Бірақ кешен құрылысы толық аяқталған жоқ. Себебі, тапсырыс беруші –құрылыс басқармасы құжаттарын жинап жатыр. Ауа райына байланысты абаттандыру және ішкі жұмыстары жасалып жатыр", –деді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Саят Сарқытов.

Арна мәліметіне сүйенсек, спорт кешеніне штат тарту мәселесі наурызда іске асады. Ол үшін облыстық мәслихат сессиясына сұраныс берілген. Одан кейін ғана жасөспірімдер спорттық үйірмелерге қатысатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064945-1-mlrd-72-mln-tenge-bolingen-zetisu-oblysynda-asylu-saltanaty-otken-sport-keseni-ali-paidalanuga-berilmegen/

pixel