Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай мектептеріне жаппай атыс болатыны тағы хабарланды: полиция үндеу жасады

Опубликовано:

Сынып партасы
Сынып партасы. Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желілерде 6 наурызда Қостанай мектептерінде дайындалып жатқан терроризм актісі туралы хабарламалар қайта пайда болды. Оған полиция түсініктеме берді, деп хабарлайды "Қостанай жаңалықтары" басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Құқық қорғау органдары тараған ақпарат шындыққа жанаспайды деп сендірді. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Қазіргі уақытта хабарлама таратқан авторды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Арандап қалмауды, хабарламаны әрі қарай таратпауды және тек ресми ақпаратқа сенуді сұраймыз. Жалған ақпарат тарату қылмыс екенін еске саламыз", - деді полиция департаменті өкілдері.

Бұған дейін ақпан айында Қостанай мектептерінің бірінің оқушыларына осындай хабарламалар жіберілген болатын. Кейіннен полиция хабарламаны 10 жастағы оқушы жібергенін анықтады.

Еске салайық, қаңтарда Telegram-да бір арна пайда болды, оның авторы Ақтөбе мектептерінде жаппай атыс ұйымдастыратынын мәлімдеді. Өңірлік ПД бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын, күдіктілерді анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064969-qostanai-mektepterine-zappai-atys-bolatyny-tagy-xabarlandy-policiya-undeu-zasady/

pixel