"Бапкерлерден 1,2 млн теңге": Атырау облысында шенеунік пара алды деген күдікке ілінді
Жарияланған күні:
Атырау облысында дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Дастанбек Қоспановқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды "Мой город" басылымы.
Шенеунікті ұстау туралы ақпаратты журналистерге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ресми өкілі Арман Тілеукенов растады.
"Лауазымды тұлға бюджет қаражаты есебінен оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастырғаны үшін "Олимпиадалық резервті даярлау орталығы" КММ жаттықтырушыларынан 1,2 миллион теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілінді", - деп келтіреді басылым Тілеукеновтің сөзін.
Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064970-bapkerlerden-12-mln-tenge-atyrau-oblysynda-seneunik-para-aldy-degen-kudikke-ilindi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.