jitsu gif
Оқыс оқиға

    Алматыда троллейбус жүргізушілері төбелескен сәттің видеосы тарады

    Троллейбус жүргізушілері
    Троллейбус жүргізушілері төбелесті. Видеодан скриншот: t.me/qumash_kz

    Алматыда қоғамдық көлік жүргізушілерінің төбелесін куәгерлер видеоға түсірді. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Telegramдағы Qumash арнасында жолдың бойында төбелескен екі ер адамның видеосы жарияланды. Бейнежазбадағы ақпаратта олар Алматыдағы троллейбус жүргізушілері екені айтылады.

    Бұл оқиға туралы Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

    "Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша Алмалы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері әкімшілік іс қозғады. Оның материалдары сотқа жіберіледі.

    Сонымен қатар бұрын полицияға бұл оқиға туралы хабарлама түскен жоқ", - деп хабарлады полиция.

    ҚР ӘҚБтК 434-бабына сәйкес, ұсақ бұзақылық – қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға зәбірлеп тиiсу, ғимараттарды, өзге де құрылысжайларды, тұрғын үй-жайларды, көліктегі және өзге де қоғамдық орындардағы ортақ пайдаланылатын орындарды, мүлікті қорлау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер. 

    Құқықбұзушылық 20 АЕК (69 мың теңге) есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не 5-тен 15 тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алумен жазаланады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.