Министрлік базалық зейнетақыға байланысты ішкі істер органдарының зейнеткерлеріне үндеу жасады
Жарияланған күні:
Ішкі істер министрлігі ішкі істер органдарының зейнеткерлеріне үндеу жасады. Үндеу мәтіні Poilisia.kz ақпарат ресурсында жарияланды.
"Құрметті зейнеткерлер! Бүгінгі таңда базалық зейнетақы тағайындауды қайта бастау, 1998 жылдан кейін қызметке қабылданған және 2016 жылға дейін қызметтен босатылған зейнеткерлердің зейнетақысын индекстеу, зейнетақы жинағын алу сияқты маңызды әлеуметтік мәселелер бар екенін білеміз. Бұл мәселелер толық зерделеуді қажет етеді", - делінген үндеуде.
Мұнымен арнайы жұмыс тобы айналысып жатқаны айтылады. Оған Ішкі істер министрлігінің өкілдері де кірген.
"Бұл сұрақтар бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып, жоспарлы және тұрақты негізде шешілуде. Мәселен, былтыр шілде айынан бастап барлық зейнетақы жинағын тұрғын үй жағдайын жақсарту және ем алу үшін шешіп алуға мүмкіндік берілді. Зейнеткерлердің негізгі бөлігі осы құқықтарын пайдаланып үлгерді.
Қазіргі уақытта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1998 жылдан кейін қызметке қабылданған және 2016 жылға дейін қызметтен босатылған зейнеткерлердің зейнетақысын индекстеудің құқықтық мәселесін пысықтап жатыр", - делінген хабарда.
Министрлік өкілдері бұл заң жобасын биыл 26 ақпанда Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдағанын еске салды.
"Сіздер көтеріп отырған базалық зейнетақы мәселесі де шешілуде. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2016 жылға дейін және одан кейін қызметтен босатылған зейнеткерлердің зейнетақысындағы дисбалансты жою үшін түрлі тәсілдерді қарастыруда. Ішкі істер министрлігі өз тарапынан барлық қажетті есептерді ұсынып отыр. ІІМ өзінің зейнеткерлеріне құрметпен қарайтынын және олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға белсенді қатысатынын атап өту қажет", - деді ІІМ қаржымен қамтамасыз ету департаментінің бастығы Рүстем Тұрсынбаев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2064981-ministrlik-bazalyq-zeinetaqyga-bailanysty-iski-ister-organdarynyn-zeinetkerlerine-undeu-zasady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.