jitsu gif branding logo appbranding logo app

Алматылық тұрғын Досаевқа көлік кептелісін "бір бөшке бояумен" шешуге болатынын айтты

Бояу толы құт
Бояу толы құты. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесуінде қала тұрғындарының бірі Әл-Фараби жолындағы кептелісті жоюды ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Менің ұсынысым бар. Мен бүгін әкімдікке бесінші рет тегін әрі ерікті түрде Әл-Фараби бойынша батыс бағытта Луганскйиден Жароковқа дейінгі жол кептелісін жоюды ұсынамын... Оның құны бір бөшке бояу ғана. Экономикалық тиімділік жылына шамамен 40 миллиард теңгеден асады", - деді ол.

Ол бұл ұсынысын қалалық ұтқырлық бөліміне жолдағанын атап өтті.

"Қалаға және көлік кептелісіне алаңдағаныңыз үшін рақмет, ҚҰБ басшысы менімен бөліскен соң ұсынысты қараймын. Егер сіз айтқандай, қаланы қолдауға дайын болсаңыз, талқылаудан соң бәлкім, тапсырма берермін. Экономикалық негіздеме мен үшін өте маңызды", - деді әкім.

Еске сала кетейік, бұған дейін сәулетшілер Алматыдағы кептеліс мәселесіне тоқталып, оның шешімін ұсынғаны хабарланған болатын.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.