Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Такси жүргізушілері мен курьерлерге жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеуіне рұқсат берілуі мүмкін

Опубликовано:

Такси
Такси. Көрнекі фото: pixabay.com

Қаржы вице-министр Ержан Біржановтың айтуынша, такси жүргізушелері мен курьерлерге салықты операторлар төлеуі мүмкін. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Бүгінгі таңда Яндекс компаниясымен пилоттық жоба іске асырып жатырмыз. Оның басты мақсаты - көлеңкелі экономикада салық төлемей, тіркелмей жүрген такси жүргізушілерін заңды алаңға шығарып оларды тіркеу. Қазақстанда кейінгі екі айда 10 мыңға жуық такси жүргізушілері пилоттық жобамен тіркеліп, салық төлеп жатыр. Сараптама жүргізу кезінде байқадық, әлеуметтік мәселелері де бар екен. Алимент, несие төлемегендер азаматтар да бар", - деді вице-министр.

Ержан Біржановтың сөзінше, бұл сұрақты өкілетті органдармен бірге қаралып жатыр.

"Жаңа салық кодексі шеңберінде жаңа режим платформалық жұмыс беру режимін енгізгелі жатырмыз. Оның тиімдігі - такси жүргізушісі, курьер болып жұмыс істейтін азаматтар салық төлеуші жеке кәсіпкер ретінде тіркелмес болады деген ұсыныс жасап жатырмыз. Олар үшін агент ретінде төлемді операторлар жасау керек деген ұсыныс бар", - деді ол.

Вице-министр депутаттар қолдаса, бұл норма келесі жылдан бастап күшіне енетінен айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2065062-taksi-zurgizusileri-men-kurerlerge-zeke-kasipker-retinde-tirkelmeuine-ruqsat-berilui-mumkin/

pixel