"Өте әсерлі": Ақтөбеде әкесімен бірге аналарға ән арнаған 120 оқушыға ел сүйсінді
Жарияланған күні:
Ақтөбелік 120 оқушы әкесімен бірге 8 наурыз мерекесіне арнап ән айтты. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Жүзден астам оқушы мен әкелердің аналарға арналған әні Оқу-ағарту министрлігінің Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды.
Желі қолданушыларының бірінің жазуынша, бұл шараны Ақтөбе қаласындағы №8 орта мектептің ұжымы мен оқушылары әкесімен бірігіп ұйымдастырған екен.
Ерекше құттықтау желі қолданушыларын да бей-жай қалдырмаған.
"Керемет, өте әсерлі!", "Қандай керемет! Рахмет!", "Биылғы мен көрген керемет құттықтау! Қандай әдемі мектеп, не деген ұйымшыл ұжым!", "Керемет!", - деп жазуда олар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2065101-ote-aserli-aqtobede-akesimen-birge-analargan-an-arnagan-120-oqusyga-el-suisindi-video/